Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы: Есентаеваның оқиғасы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті

Баян Есентаваны соққыға жығуы мен елордалық мұғалім Светлана Садуованы күйеуінің өртеп жіберуі тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова.

20160628182300

 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Баян Есентаваны соққыға жығуы мен елордалық мұғалім Светлана Садуованы күйеуінің өртеп жіберуі тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті, деді мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова.

“Былтырғы жылы мұғалім Светлана Сəдуованы күйеуі өртеп жіберген еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сондай-ақ, танымал продюсер Баян Есентаеваға қатысты оқиға тұрмыстағы зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті. Сондықтан да, бұндай проблемаларға қатысты еліміздегі қабылданған заңдарға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруымыз керек”, — деді Әбдіқалықова ҚР Бас прокуратурасында өткен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған ведомствоаралық кеңесте.

Оның айтуынша, бүгінгі қоғам әйелдерді қорғауда қауқарсыздық танытып отыр. “Өйткені, әйелдердің басым жағдайда жергілікті полиция қызметіне барып шағымданбайды. Ал жәбір көрсетуші де, жалпы қоғамдық мораль да көбінесе мұндай зорлықшылықты қылмыс санамайды. Кейде полиция қызметкерлері қажетті материалды да таппайды, өйткені сол әйелдердің өзі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын, зорлықтың құрбаны болғанын жасырады”, — деді Әбдіқалықова.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Жіберіп алмаңыз:

Есентаеваға ота жасаған хирург оның денсаулығы жайлы айтты

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Талқылау