Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерін жалға бергендер айыппұл төлейді

Үкімет онсызда басынан дау арылмайтын тұрғынүй бағдарламасын тағы өзгертпек. Ұлттық экономика министрлігі қазына қаржысына салынатын баспаналарды жұртқа жеңілдетілген пайызбен жалға берудің жаңа әдісін әзірлеуге кірісті.

үйүйүй

Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Мәжіліске есеп беруге келген Экономика вице-министрі бағдарламаның нақты қалай өзгеретінін әзірге ашып айтпады. Жалпы, бюджет есебінен тұрғызылған пәтерлер ең алдымен жас отбасыларға, мүгедектер, жетім-жесір, мұғалім, дәрігерлер мен әскерилерге ұзақ уақытқа жалға беріледі. Бірақ, онда жеңілдікпен қол жеткізген пәтер иесінің өзі ғана тұруы тиіс.

Мемлекеттік бағдарламаға тиесілі үйді өзгелерге жалға беріп, табыс тапқандарға айыппұл салу заңмен бекітілмек. Ал арзан пәтер үшін ондаған жылдар бойы кезекте тұрған адамдар ереженің жиі өзгеретініне қапалы. Депутаттар да үй салумен айналысатын мекемелердің көптігі жұрттың миын ашытты деп отыр.
«Қазір жергілікті атқарушы билік те, жеке құрылысшы мекемелер де, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат та,» Тұрғын үй жинақ банкі», «Самұрық-Қазына», әрқайсысы осы мемлекеттік бағдарламаның бір бұрыштарынан қаражат алып, өздері атқарып жатқан жайы бар. Нақтылық керек осыған»,-деді мәжіліс депутаты Омархан өксікбаев.

Талқылау