Мемлекет басшысы қайырымдылық күнін мәлімдеді
1 наурыз – Қазақстан Халықтар Ассамблеясы күні бұдан былай қайырымдылық күні ретінде атап өтіледі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Сталиндік жүйе тұсында көптеген ұлттар депортацияланып жатты. Оларды пойыз вагондарымен әкеп, иен далаға тастап кетті. Қазақ отбасылары оларды шарасыз күйде қалдырмай өздерінің саман үйлеріне әкеліп кіргізді. Соған орай, жыл сайын 1 наурыз – Қазақстан Халықтар Ассамблеясы күнін, бір біріне көмектескен этностарға, қолынан келгенше көмектесіп, туысы ретінде қабыл алған қазақтарға қатысты қайырымдылық күні ретінде атап өткеніміз дұрыс болар еді”, – деді НұрсұлтанНазарбаев.
Талқылау