Мемлекет басшысы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 17:38

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікірлесті.

2f6fb5b16c98777d2affea8d9ed95101

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сәттілік тіледі, сондай-ақ оларға ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.

fc2e20e061a41bb65f4e8350c6ba6ef0-sm

Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды. Тәуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мәселелері талқыланды. Мәселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мәдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ әлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы әңгімеге арқау болды.

de790604935dfc0dc8a000044dcbe501-sm

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Тілеуханов министрге: Тұрсыновтың ешкісі Сартай батырдан, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық па?

Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлының есебін тыңдаған министрлер күліп жіберді (видео)

Владимир Божко: Төтенше жағдай басшылығынан кеткелі бері ұйқым тыныш

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар