Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға вето қойды

Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға вето қойып, Парламентке кері қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

144473643846i7e

«Мен бүгін ғана Парламенттен келген «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңына вето қойып, депутаттарға кері қайтардым. Оған бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізілгенін қалаймын. Соның бірі – зейнет жасына жетсе де, қызметтен кетпей отырған мамандардың жұмыс істеуіне заң шеңберінде тыйым салынуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, 25 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адам еңбек демалысына кетуі керек. Осылайша, өзгелердің де өсуіне жағдай жасап, жігерлі жастардың әлеуетін тиімді пайдалана аламыз. Мұның өзге де оңтайлы тұстары болатындығы сөзсіз», – деді Елбасы.

Айта кетейік, түске дейін жалғасқан алқалы жиынға Үкімет мүшелері түгел қатысып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламалардың орындалу барысын талқылаған болатын.

Талқылау