Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа әскер қолбасшыларын тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әскер қолбасшыларын тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы жаңа әскер қолбасшыларын тағайындады

фото: akorda.kz 

Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр