Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет айыптаған Infiniti жүргізушісі шымкенттіктерден ұялып жүр

Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушінің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған бұл видео екі күн бұрын Алматы қаласында түсіріліпті. Онда қара түсті қымбат көлікті тақымдаған ер азамат жедел жәрдемнің алдын жауып, жол бермей қойған, – деп хабарлайды “КТК арнасы“.

photo_185898

Қалалық №1-ші балалар ауруханасының алдында түсірілген таспада жедел жәрдем көлігінің қақпадан шыға алмай тұрғанын аңғаруға болады. Тіпті ақ халаттылар жүргізушіден жол сұрап жалынуға дейін барған. Алайда “Инфинитидің” жүргізушісі қасарысып отырған. Бірақ бұл кикілжіңнің немен аяқталғаны белгісіз.

Себебі бейнекөрініс ортасынан үзіліп қалады. Есесіне жағдайдың қалай болғанын қымбат көлік жүргізушісінің өзі айтып берді. Талғат Сақанов сол күні ауруханаға кішкентай қызының жағдайын білуге келген екен. Алайда күзетші ішке көлікпен кіруге рұқсат бермепті. Осы уақытта артымнан тағы екі көлік тұрып қалды.

Сол себепті алдымда тұрған жедел жәрдем көлігіне жол беру мүмкін болмады дейді. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей еткен ақ халаттылардың әрекетін түсінбей әлек.

“Ауруханаға кіруге рұқсат беретін қағазым бар. Соны көрсетіп едім ол  кіргізбей қойды. Сосын айттым: “менің алдымда екі машина кірді”  деп ұрсысып тұрғанда  жедел жәрдем алдыма тұрып алды. Артымда екі машина тұрғасын жібере алмай қалдым”, – дейді Талғат Сақанов.


Оқи отырыңыз:

Алматыда адам қағып денесін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

Петропавлда жолаушыларына есірткі сатқан жүргізуші ұсталды

Сүйікті командасының жеңілісіне төзе алмаған жүргізуші тікелей эфирде мас болып қалды (видео)

Қытайда жүргізуші бульдозермен көшедегі адамдарды қуған (видео)

Талқылау