Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммунистер партиясы алимент қорын құрып, алиментті мемлекет төлеу керек деп ұсыныс айтқан еді

Мемлекет алиментті өз қалтасынан төлеуден бас тартты. Бірер ай бұрын коммунистер партиясы алимент қорын құрып, жалғызбасты аналарға алиментті мемлекет төлеу керек деп ұсыныс айтқан.

c1a11e28afb03c9d81c096faa0a5ce8e_XL

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бірақ дағдарысты сылтау еткен үкімет бар жауапкершілікті борышкер әкелер мойнына артып отыр.

Екі қыздың анасы Қазына Әзірбаева қазір күн көруге көк тиын таппай отыр. Жұмысқа шығайын десе қыздарына қарайтын ешкім жоқ. Ал төрт жыл бұрын табан жалтыратқан жары осы күнге дейін бір келмепті. Үйі, көлігі мен жұмысы бола тұра, бір тиын да бермеген.

–  “Не телефонын өзгертіп жібереді, не тұрақты адресін өзгертіп жібереді. Бармаған жерім жоқ. Бір ашуланып үйіне барып, балаларды апарғанмын. Сонда бауырының айтқаны: баға алмасаң балаларды детдомға өткізіп жібер деп айтты, – ейді Астана тұрғыны Қазына Әзірбаева.

Алимент төлеу туралы бұйрық Жібек есімді мына келіншекте де бар. Бірақ 8 жыл бойы баласына тиын қимай жүрген әкені жауапқа тартқан ешкім жоқ. Сот орындаушылары қауқарсыз.

Қазір Қазақстанда жарты миллионға жуық жалғызбасты ана бар. 14 мың әке баласының барын мойындамаса, 20 мыңнан астамы отбасын асыраудан бас тартқан. Қарызы жиналып қалғандар жетерлік. Мемлекеттің мехнизіміне көңілі толмаған коммунистер партиясы аналарға алиментті үкімет төлесін деген. Кейін мемлекет борышкер әкелерден қарызды тартып алады. Мұндай алимент қорын құру туралы ұсынысты үкімет қабылдамапты.

– “Үкіметтің жауабына көңіліміз толмайды. Қазір дағдарыс, әйелдерге алимент төлеуге қаржы жоқ дейді. Неліктен үнемдемеске? Қажеті жоқ, салтанат үшін жасалып жатқан шаралардан жырып беруге болады ғой, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов.

Алименттің ақысын билік өз қалтасынан бере алмайды. Сондықтан партиялықтар проблемадан шығудың жолы – әкелерді ұялту деп отыр. Ол үшін Астананың бас көшелеріне борышкерлердің фотосын іліп, қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызының қорғаушылары соттан Бақытбек Есентаевты ақтауды сұрап жатыр

Алматы облысында уәде етілген үйді ала алмаған үшемнің анасы қиындықтан жылап жіберді

Неліктен балгерлердің болжамы кейде рас болып шығады

Талқылау