Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” тобы өнерде тәнін саудалап жүрген қыздар жайлы ащы шындықты айтты

Жақында ғана анайы кадрлары бар клип түсірген Кәмшат Жолдыбаева мен Нұрболат Абдуллин көптің ашуына тиген еді. Әріптестері арсыздықты экранға шығарған қос өнерпаздың бұл қылығына ашулы. Ал бұған дейін Байзақованы қамшымен сабамақ болған “Меломен” тобының бұл тақырыпқа қатысты да өз айтары бар.

Меломен тобы

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Біздің қазіргі өнерде жүрген қыздардың барлығы әдемі. Жабық, қазақи киінсе де өзінің көркін керемет қып көрсете алады. Міндетті түрде мүшесін көрсетіп, сатылудың қажеті жоқ. Ашық-шашық сурет салдым деген сөз сатылып жатырмын деген сөз. Осы арқылы мені әңгіме қылады, маған PR, мен жайлы талқылау жүреді деген сияқты”, – дейді “Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов.

Топ жігіттері бүгінгі қыздардың “лайк” үшін тәнін көрсетуге дайын екенін айтып күйінеді.

“Әріптестерімізге, жас қыздарға айтарым, сіздер біліңіздер, өздеріңізді ғана емес, қазақты құрбан етіп жатырсыздар. Болашақ кішкентай қарындастарымызды еліктетіп жатсыздар. Ертең ол да тәнін сатады, барлық жерін сатады. Соған алып келеді”, – дейді жігіттер.

“Меломендік” жігіттердің бұл пікіріне “Заман” тобының әншісі Әсет Қарабалин да қосылады.
“Ішіміз күйеді, келіншегіммен, отбасыммен отырсам, теледидардан сондайды көрсетіп жатады. Ішіңнен өкініш пайда болады, бірақ амал қанша? Бұл кісілерге айтатын адам бар ма деп ойлап қаласың. Бірақ енді кездескенде, достарымызбен жиналып қалғанда “ұят болған екен” деп мұңайып қаламыз. Мұндай болмайды ғой, өзіміз арыла алмай жүргенде, мұнысы нес деп қаласың?

Ақыл-есі дұрыс ер азамат болса, әрине ондайларға қарамайды. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ кей қыздарымыз өте жалаңаштанып кетті. Өзін көрсеткісі келе ме, ақылы жетпейді дейін десең дені дұрыс адам сияқты. Өзіміздің де қарындастарымыз, кішкентай қызымыз бар. Адамның ақыл-есі басқа жаққа кетіп бара жатырмыз, әннің өзінде қазақилықтың иісі жоқ болып кетеді”, – деп ашынды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Кәмшат Жолдыбаева танымал қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен бірге бейнебаян түсіріп, екі бірдей жігітпен аймаласқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау