Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Melomen» тобы «M-BAND» тобынан бейнебаян желісін ұрлаған деп сынға ұшырады

Көптен бері өнер сахнасынан көрінбей қалған «Melomen» тобы жуырда “Сүйгенім бол” атты жаңа бейнебаян түсірген болатын. Отандық телеарналардан көрсетіліп жатқан клип алайда, қарша бораған сынның астында қалды. Меломен1-1000x600

Тыңдармандардың айтуынша, қазақстандық топтың жаңа бейнебаянының желісі ресейлік «M-Band» тобының бейнебаянынан айнымай қалған. Көрермендер “жігіттердің киген киімі, жүріс-тұрысының барлығын ресейлік әншілерге қатты ұқсатқан”. Анықтап назар салсақ, қос клиптің артқы фондары да ұқсас болып шыққан.

«Melomen» тобының бейнебаянында оқиға желісі қос ғашықтың сырласуынан бастау алады. Екеуі махаббат жолына түсу үшін, атағы асқан өнерлі жұптардан бата алуды жөн көреді. Екеуі де өнер адамының рөлін сомдайды.

Бұған дейін де Ернар Айдардың “Сен маған ұнадың” әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік Доминик Джокердің клипіне қатты ұқсайтыны айтылып, сынға ұшыраған болатын.

Талқылау