Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектепке барамын деп жылайды: Сүйегі үгітіліп, сына беретін 5 жасар қыздың тағдыры

5 жасар Іңкәр сирек кездесетін дертке душар болған. Оның сүйегі бор секілді үгітіліп, сына береді. Бұл дерт Іңкәрда тумысынан бар, әкесінен берілген. Дәрігерлер бұл ауруды 10 жастан асқаннан кейін емдеуге болатынын айтады.

Мектепке барамын деп жылайды: Сүйегі үгітіліп, сына беретін 5 жасар қыздың тағдыры

Бұл туралы “Қазақстан” арнасының “Қарекет” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кішкентай Іңкәр сүйек қалыптасуының аяқталмауынан, яғни жетілмеуінен болатын “остеогенез” ауруына шалдыққан. Ондай жандарды медицинада «хрусталь адам» деп те атайды екен.

“Туған кезінде оң иығы сынды. Үш күннен кейін екінші аяғы сынды. Анасы жөнді емізе де алмады. Онша тамақ та ішпейді, сыртқа шығарып тастайды, тамақ бойына сіңбейді. Көбісі фосфор мен кальцийдің жетіспеушілігінен деп жатыр. Адам ағзасында инфекция болса, бір жерде кемістік шығады дейді. Бала сәл суықтап қалса да, әлсізденіп қалады. Көзі жасаурай береді”, – дейді Іңкәрдің әкесі Біржан Рысбай.

Әкесі бала кезінде дәл осындай дертпен ауырған. 9 жасқа келгенде аяққа тұрып, алғаш рет мектепке барғанын айтады.

“Мен өзім де 9 жасымда жүрдім, оған дейін қол арбада отырдым. Мен де бала кезімде өз аяғыммен жүрсем, болашақта маман болсам деп армандайтынмын. Марқұм әкем: «Балам, сен қара күшке жарамайсың. Тек қалам мен қағазбен наныңды тауып жейсің», – дейтін. Әкемнің сөзі бойыма қанат болып, қолымнан келгенше жақсы білім алдым. Алматы қаласындағы аграрлық университетті қызыл дипломмен бітірдім. Болашақта қызым да білімді болып, әкесінің жолын қуса деймін. Дәрігер боламын деген арманы бар”, – дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, остеогенез дертіне шалдыққан балаға 10 жасқа дейін ем жоқ. Яғни, бұл да бір Жаратқанның сынағы. Алайда бір жақсысы, бала 10 жасқа келгенде бұл аурудың өрбуі тоқтайды. Алайда оған дейін де әлі 5-6 жыл уақыт бар. Ал ата-анасы мен әжесі Іңкәрдің ертерек жүріп, қатарына қосылып кеткенін қалайды.

Әжесінің айтуынша, Іңкәр оңдырып тамақ та ішпейді.

“Ол қысты да, жазды да білмейді. Себебі далаға шығаруға болмайды. Далаға аз уақытқа шығарсаң, көзіне ақ түседі”, – дейді әжесі.

Тағы оқыңыз: 

20 жастағы алматылық жүкті әйелдің өлімі: Перинаталды орталықтың директоры жұмыстан қуылды

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды

Қазақстандағы құс еттерінен шошқа ДНҚ-сы табылды

Ғалымдар: Қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдар ақыл-ой қабілетімен ерекшеленеді

 

Талқылау