Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп түлектерінің ойыны бейнеге түсіріліп, желіге жарияланды (видео)

Атырау облысының Құлсары қаласындағы мектеп түлектері жаңа ойын ұйымдастырып, сыныптас қыздарды суға лақтырды.

Видео Instagram желісінің ztb_video парақшасында жарияланды.

Мектеп бітіргендеріне қуанғандары жүзінен байқалып тұрған түлектер бұл қуаныштарып атап өткісі келіп, қаладағы өзен жағасына көкке шыққан. Бір кезде ұлдардың бірі сыныптас қызды көтеріп алып суға секіріп кетеді. Роликтегі қыздың шыңғырған дауысына қарап, оның мұндай кездейсоқ жағдайға дайын болмағанын аңғаруға болады.

Развлечение нынешних выпускников. Жесть!

Видео опубликовано 🇰🇿© ZTB.KZ 2016 (@ztb_video)

Ролик 4 мың рет қаралып, бірнеше пікірлер жазылған. Пікір жазушылар арасында, мұндай ойынға қарсы шыққандар басым болған. Олар қыздың денсаулығына алаңдағанын білдірген.

«Сәтін салып, қауіпті ешнәрс болмаған екен, ал егер қызға қандай да бір жағдай болып қалса, өміріне қауіп төнсе, оған кім жауап беретін еді?», – дейді пікір жазушылардың бірі.

Ал, енді бірі мұндай ойынның әр өңірдегі мектеп бітірушілер арасында дәстүрге айналғанын, жастық кезде осылай көңіл көтеру керектігін жазған.

#25#may

Видео опубликовано Адилкосов Адилет Адилкосович (@adilet.98)

Талқылау