Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда мектеп терезесінен секіріп өлмек болған оқушы өз әрекетінің себебін түсіндірді

13 жастағы Георгий Асадчин не үшін өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанын түсіндірді.

окушы құлаған

Бұл туралы 365info  сайты хабарлайды.

23 қаңтар күні екінші ауысымның оқушылары 6-шы сабақта отырған болатын. Мұғалім тақтаға қарап жазып тұрған сәтте оқушы ашық тұрған терезеден секіріп кеткен.

Оқушының анасы Нина Алтунина, бұған дейін мектеп әкімдігінен өзіне хабарласып 25 қаңтар яғни дүйсенбі күні мектепке келуін сұрап, баласының тәртібі бойынша сөйлесетіндерін хабарлағанын айтады.

«Маға баламның сыныптас қыздары мұғалімдерге оның үстінен шағымданып жатқанын айтты. Мен өзімнің немесе күйеуімнің келетінін айттым. Ал сенбі күні кешкісін  директор хабарласып баламның үшінші қабаттан секіргенін айтып,ауруханаға келуім керектігін түсіндірді. «Ол тірі,тез жетіңізші» деді. Мен шошып,барынша тез жеттім. Келсем жедел жәрдем баламды ауруханаға алып кележатыр екен. Сол күні оның аяғына екі бірдей ота жасалды. Бізді уақытша тыйым болғандықтан ауруханаға тіптен кіргізген жоқ»,-дейді оқушының анасы.

Оқушының анасы баласының тынымсыз екенін айтады. Ол анасына шымшығаны үшін сыныптасы мұғалімге шағымданғанын айтқан. Бір қыз бастаған шағымнан кейін өзге сыныптастары да өздеріне жасаған бейәдеп әрекеттерді тізіп  мұғалімге қағаз алып барған.

«Балам есін жиғаннан кейін. Неге бұлай жасадың? Өліп кетуің де мүмкін еді? дедім. Ол «Өзімнің де өлгім келген»  деп жауап берді. Балам « Мұғалімдер құжаттарымды алып басқа мектепке кетуімді талап етті. Сыныптастарымның алдында балаларға арналған түрмеге жабыласың деді», деп болған жайтты баяндап берді. Қазір істі мүлдем басқа бап бойынша қозғап жатыр. Біз мұғалімдердің баланы өз-өзіне қол жұмсауына дейін алып барғаны бойынша іс қозғауды талап ететін боламыз»,-дейді оқушының анасы.

Бұған дейін БАҚ-та  болған жайт бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталып кеткені хабарланған еді. Онда іс  141 баптың 1 тармағы бойынша  қаралып жатыр делінген еді.

Мектеп әкімшілігі баланың әрекетін абайсызда құлап кетті деп түсіндірген болатын.

Талқылау