Мектеп психологі 14 жастағы қызды әлдекімнің зорламақ болғанын басқаларға айтып қойған

14 жастағы қыздың анасы мектеп психологін дәрігерлік құпияны жариялады деп айыптады. Қыз баланы 19 жастағы жігіт зорламақ болған.

Анасы полицияға арыз жазғанда, іске мектеп психологі араласқан. Осыдан өзгелер де біле бастаған. Ал оқушы қыз мектепке бармай, құрбыларымен араласуды қойған, деп хабарлайды 31 арна.

Бір апта бұрын оқушы қызды 19 жастағы жігіт пәтеріне алдап апарып зорламақ болған. Аладй қыз пәтерден қашып шыққан.

“Қызым өзін зорлайды деп мүлде ойламаған. Екі күн сабаққа барған жоқ. Психолог хабарласқанда оған ешкім білмесін деп ескерттім. Бірақ басқаларға айтып қойған”, – дейді анасы Гүлнәр.

“Егер психологтарды мектептен алып, денсаулық сақтау министрлігіне берсе, министрлік алдында жауап беретін еді. Директор мектеп үшін жауап береді. Ал, психолог балалар үшін емес, мектеп үшін жұмыс істейді”, – дейді «НеМолчи.KZ» қозғалысының өкілі Дина Смаилова.

Қазір зорлық ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ата-анасы ақпаратты таратқан мектеп психологінің жауапқа тартылуын қалайды.

Этикалық кодекстің тәртібіне сәйкес, психологтің міндеті құпиялықты сақтау. Ал психологтар қауымдастығының жарғысында айтылғандай, елеулі бұзушылықтар болған жағдайда, қауымдастық маманға сотқа жүгінуге өтініш беруі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар