Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысы өртті дыбыспен өшіру құрылғысын құрастырды

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абай Лоран Әлмұхамбетов отты дыбыспен өшіретін құрылғыны құрастырып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170219105417

«Мен жоғары амплитудалы дыбыс толқындары арқылы өртті сөндіре аламын. Осы құрылғының ерекшелігі сол, дыбыс толқындары өрттің айналасындағы ауаны тарылтып, оттегіні азайтады. Ал оттегі болмаса, от жана алмайды», – деді Абай Лоран. Атыраулық оқушы өз жобасын «Ұлы Дала мұрагерлері» атты көрме аясында таныстырды. Ол жерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктері алғаш рет көрсетілді.

Көрме аясында ұлттық қолөнер, көркемсурет, гобелен, панно және тағы басқа қолданбалы өнер саласындағы мектеп оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдары,  сондай-ақ робототеxника, ғарыш, мұнай-газ, инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі бойынша ойлап тапқан жобалары таныстырылды. Шара аясында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Мәселен, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы Сәттіғали Жолдасбай өз атасына «ақылды тақияны» жасап берді. Ал Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев өзінің роботтарды «Қара жорғаға» билеткізіп қойды.

Айта кетейік, өртті дыбыспен өшіру технологиясын осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тың Джордж Мейсон атындағы университеттің студенттері де таныстырған. Олар осы елдің қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу агенттігінің (DARPA) бейнебаянын негізге алды.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал журналист «Мен еркекпін!» деп өзіне сене алатын азаматтарға үндеу жариялады

ОҚО-да смартфон ұстаған оқушының директоры жазаланады

Әкесін өлі санаған қазақстандық қыз оны үйсіздер туралы роликтен танып қойған

Талқылау