Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп мұғалімдері білім жүйесіндегі былықтарды ашық айта бастады (видео)

Қазақстандық блогер білім жүйесіндегі былықтар туралы мәселе көтеріп, желіде екі бірдей бейнежазба жариялады.

Безымянный

“Мұғалімдердің құқығын қорғауымыз керек! Оу, жоғарыда отырған депуттаттар! Мұғалімдер тек сайлауда дауыс жинау кезінде ғана керек пе? Әлде көше мусорға толып, көше тазалайтын кезде іздейсіңдер ме”, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Айгүл Орынбек.

“Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза!

Оңтүстіктегі білім саласындағы актуальді мәселелерге көңіл аударсаңыз дұрыс болар еді. Өткен аптада Мақтарал ауданында біраз кемшіліктерді көтергем. Енді Түркістан қаласының мұғалімдерінің жанайқайы сіздің құлағыңызға жетеді деген ойдамын.

Өйткені Оңтүстік Облысының Білім басқарма басшысынан сұрасам, мені сотқа беремін деп қорқытып отыр.

Басқарма басшысынан сұрауға болмайды деген заң қайда жазылған екен?

Қол астындағы мектеп басшылары пара мен ұсталып жатқанына, комиссия құрып шешудің орнына маған шығып үрей көрсеткені қай сасқаны?

Заң бәрімізге тең, бұл мәселені заң аясында шешуге мен дайынмын. Мені қорқытқанша Облыста “Білім” саласында болып жатқан былықтарды шешіп алсын!”, – деп жазады блогер.

Оқи отырыңыздар:

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Қапшағайда жауынгер кіші сержантпен болған жанжалдан соң көз жұмды

Алматы облысында жас сарбазды соққыға жығып, өлтірген екі азамат сотталды

Алматы облысының әкімі үздік жыл мұғаліміне көлік мінгізді (фото)

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей мен оның әріптесі жұмыстан қуылды

Петропавлда әйел адам зулаған көліктердің ортасына тұрып алып би биледі (видео)

Қарағандыдағы мұғалімге қатысты сот: Қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналды

 

Талқылау