Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп директорымен соттасып жатқан мұғалім сотта жеңіске жетті

Мектеп директорымен соттасып жатқан мұғалім сотта жеңіске жетті. Бүгін Алматы облысы, Қарасай аудандық сотының судьясы Айман Сағидуллаеваның арызын қанағаттандырып, директор берген ескерту күші жойылсын деген шешім шығарды.

835dbe62a89f0e48799e069fe4a81c3f

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жаңатұрмыс орта мектебінің директоры Бекжан Нүсіпбекова мұғалімге “Педагогикалық тәртіпті сақтамағаны үшін” деп ескерту жасап, артынан сөгіс берген. Ол бұл әрекетті жасауға ақсақалдар алқасының кеңесіне сүйеніпті. Бірақ сот отырысына куәгер ретінде қатысқан ақсақалдар алқасының төрағасы жиналыс өткізгенмен, ешхандай ресми хаттама толтырылмағанын айтқан болатын. Сотта жеңіп шыққан Айман Сағидуллаеваның өзіне қолдау білдіргендерге алғысы шексіз. Өйткені, мұндай мәселе бір ғана емес, Қазақстандағы ұстаздар қауымының көпшілігінің басында бар қиындық дейді қайсар мұғалім.

Талқылау