Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы өсуі мүмкін

Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы көтерілуі мүмкін. Білім және ғылым министрлігі осы мәселені қарастырып жатыр.

Бұл туралы вице-министр Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы көтерілгенін, дегенмен мектеп директорлары мен орынбасарларының айлығы өзгеріссіз қалғанын айтты.

“Бірақ мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысына қатысты мәселе бар. Біз бұл мәселені аттестация арқылы шешуді жоспарлап отырмыз. Қазір мектеп директорлары азаматтық қызметкерлер ретінде үш жылда бір рет аттестациядан өтеді. Шағын мектеп болса да, үлкен мектеп болса да, тіпті директордың жұмысының тиімділігіне де қарамастан оның жалақысы өспейді, үстемақы жоқ”, — деді вице-министр.

Сондықтан, білім министрлігі мектеп директорларының жалақысын көтеру мәселесін ойластырып жатыр.

Айта кетейік, Елбасы биылғы жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын.

Тағы оқыңыз:

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Қазақстанда ұялы байланыс пен желі құны айтарлықтай қымбаттайды

Болат Өтемұратовтың байлығы Қазақстанды неше күн қаржыландыра алады

Бір рет қолданылатын жаға өндіруге 14 миллион теңге бөлінді

Талқылау