Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп бітірушілер жайлы әзіл-видео түсірген Мәдина Сәдуақасова жұртты күлдірді (видео)

Мәдина Сәдуақасова білікті актриса атану үшін барын салмақ! Бұған дейін тарихи кинофильмнің кастингіне қатысып, бағын сынаған әнші енді әзіл-видео түсіріп, әлеуметтік желі қолданушыларын баурап алуға тырыспақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

мадина садуақасова

Сәдуақасова әзіл тақырыбындағы алғашқы видеосын актер Ерболат Төлегенмен бірге түсірген.
Қысқа ғана бейнесюжетте Мәдина мектеп бітіруші түлектің, ал “Шімән апа” оның әжесін сомдаған. Онда мектеп бітіруші әжесі таңдаған оқу орнын ұнатпай, онымен сөз таластырады.

Желі қолданушылары бейне-роликтің қызықты шыққанын айтып, актриса атанған Мәдинаға сәттілік тіледі.

“Өте керемет, бәрі шынайы”, “17-дегі қыздайсыз”, “Мәдина кішкентай қыз да бола салады”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Талқылау