Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты пән қосылады

Қазақстан мектептерінде оныншы сынып бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты пән қосылуы мүмкін.

shutterstock_74085415-min-990x500

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов «Атамекенім» атты акция таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Біздің қатысуымызбен ҚР Білім және ғылым министрлігі 10-сыныптан бастап «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» туралы факультативті пән енгізбек. Келесі жылдан немесе 2019 жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектепте оныншы сыныптан бастап балаларға кәсіпкерлік негіздерін үйретеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай прагматизм идеяларын жүзеге асырмақшымыз. Прагматизмнің өзі ақша санау, үнемдеу болса, осы оқыту жүйесі арқылы адамдардың санасын қалыптастырсақ бұл бағдарламаның орындалғаны деп ойлаймын», – деді Асқар Мырзахметов.
Тағы да оқыңыз:

 

Талқылау