Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада жаңа тағайындалған қала басшысын атып кетті

Мексикада Темиско қаласының жаңа мэрін қызметіне кіріскеннен кейін 1 күннен соң атып кетті, деп хабарлады russian.rt.com.

1299663042_1438027
Темиско қаласының мэрі Гисела Мота қызметіне кіріскен күннің ертеңінде белгісіз біреулердің қолынан өз пәтерінде қаза тапты. Оның пәтеріне қаруланған 4 ер адам кіріп, саясаткерді атып кеткен.
БАҚ өкілдері оқиғаға қатысты жергілікті қылмыстық топтың жаңа басшының келуіне қарсылығы болуы мүмкін деген нұсқа ұсынады. Қылмыстық істің мән жайы анықталуда.

Талқылау