Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік тізгіндеген кішкентай бала қолданушыларды шошытты (видео)

Мексикада тура жол үстінде көлік рөлінде отырған баланың видеосы күллі әлемді таңқалдырды.

Видеоны қатар өтіп бара жатқан автокөліктегі адам түсіріп алған. Ал көлік салонында баламен бірге отырған ересек адам мүлде бейқамдық танытқан. Бала тіпті көлікті жүргізе бастаған кезде де, әлгі адам еш мән берместен, ұялы телефонына қарап отыра берген.

Бала айдаған автокөлік Монтеррей қаласының маңындағы жолда сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткіген. Ал бейнежазбаны көргендердің барлығы дерлік наразылық танытуда.

Баланың аяғының басқышқа жетпеуі, оның тіпті рөлден жоғары көре алмауы, жол жағдайын бақылай алмайтындығын айтқан желі қолданушылары қайта-қайта жазып, қасындағы ересек адамның жауапсыздығына тым қатты реніш танытады.

Оқи отырыңыз:

Жұрт Төреғалидің “Біртүрлі қыз” әнінің плагиат екенін байқап қойды (видео)

Алматыда жалаңаш қазақ қыздары ер азаматтарға массаж қызметін ұсынуда (видео)

Қазақстанда төмен бағамен үй алуға мүмкіндік беретін 3 әдіс

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ағасы өлі күйінде табылды

Талқылау