Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада ереуілге шыққан аула тазартушылар қаланы қоқысқа толтырған

Куэрнавака қаласында қоқыс жинаушылар ереуілге шығып, қала ортасына қоқыстар төкті. Әкімшілік ғимараттың алдына келіп шіріген заттарды лақтырған.

 pic_080efbb79903070492548f53306fa40c

Акцияға 100-ге жуық адам қатысып жатыр. Олар биліктен бірнеше айдан бері алмаған жалақыларын төлеуді талап етіп жатыр. Мәлімет бойынша, билік жұмысшыларға 60 миллин песо (3,2 миллион доллар) көлемінде қарыз екен.

Қоқыстарды тазалау бойынша қалалық қызмет өкілі қарыздар толық өтелгенше ереуілді жалғастыра беретіндерін айтқан. Ереуілшілер кешегі күнге дейін кәсіби футболшы болған қала мэрі Куаутемоко Бланкомен кездескілері келеді.

Куэрнавака – Мексиканың орталық бөлігіндегі Моролес штатында орналасқан. Қала Мехикодан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала өзінің климатына байланысты «мәңгілік көктем мекені» деп те әспеттеледі.

Талқылау