Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада әтештер шайқасы кезінде 20-ға жуық адам ұрланды

Пуэбло штатында өтіп жатқан әтештер шайқасы қайғылы оқиғаға ұласты. Шайқас өткізіліп жатқан жерге баса-көктеп кірген 30 адам жиылған жұртты қорқытып, бетімен төмен қарай жерге жатқызған.

656545

Сурет blogspot.com

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бастапқыда қарулы топты «полицейлер екен» деп қалған халық олардың айтқанын бұлжытпастан орындапты. Бірақ, осыған қарамастан, оқ атқан қылмыскерлер 2 адамды өлтірді.

Артынша тірі қалған 20-ға жуық адамды қарулы топ көлікке тиеп, белгісіз бағытта алып кеткен.

Талқылау