Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада әлемдегі ең семіз адам дүние салды

Әлемдегі ең семіз адам болып табылатын Мексикалық Андрес Морено Сепульведа Сьюдад-Оберон қаласында қайтыс болды

324531

Бұл туралы El Universal хабарлады.

Мореноның жақын туыстарының хабарлауынша, ол 25 желтоқсан, жұма күні соңғы сапарына аттанған. Ол асқынған перитониттің салдарынан болған жүрек талмасынан көз жұмған.

38-жасар бұрынғы полиция қызметкері өзін нашар сезіне бастаған кезде, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен., алайда ол ауруханаға жете алмаған.

Мореноның салмағы  алғашында 450 кг-ға жетіп, рекордтық көрсеткішке ие болған еді. Гвадалахара ауруханаларының бірінде  қазан айында жасалған отадан кейін оның салмағы 100 кг-ға түсті.

Қараша айында Морено перитонитке шалдығып, денсаулығына қауіп төнген соң, тағы да жедел ота жасауға жатқызылған. Біраз уақыт бойы ол тағы да  Гвадалахарда сауықтыру шараларын алды. Сөйтіп қайтыс болардан бірнеше күн бұрын үйіне қайтып келген.

 

Талқылау