Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада 15 адамның өмірін қиған үшеу 520 жылдан сотталды

Мехико-сити судьясы осыдан екі жыл бұрын 13 жігіт пен қызды ұрлап, өлтіргендері үшін үш қанішердің әрқайсысын 520 жылдан түрмеге отырғызуға үкім етті.

meksika

16 – 34 жас аралығында жеті жігіт пен бес қызды белгісіз біреулер ел астанасындағы Heaven шағын мейрамханасынан ұрлап әкеткен.
Олардың отбасылары жаппай наразылық шеруін ұйымдастырған соң мәйіттер үш айдан кейін қала шетіндегі зираттан табылды.
Прокурорлардың айтуларына қарағанда, олар әлі күнге дейін ондаған күдіктілерді тексеруде.
Сондай-ақ үш қылмыскер 300 мың доллар көлемінде айыппұл төлеулері тиіс.
Барлық құрбандар кедей аудан -Тепитодан шыққандар. Бұл қылмыс астаналық қоғамды қатты дүрліктірді, деп хабарлайды Би-би-си.

Талқылау