Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексика президенті елде бір жыныстылар некесін заңдастыруды ұсынды

Мексика басшысы Энрике Пенья  елде бір жынысты ғашықтардың некесін заңдастыруды ұсынды.

ғашықтаррр

Президент әкімшілігі  конгресстен конституцияға бір жынысты азаматтардың некеге тұруына рұқсат беретін заңды енгізуді сұрады.

Президент пен оның әкімшілігінің Твиттер желісіндегі парақшаларына ЛГБТ-ның  жарқыраған жалауының суреті қойылған.

Қазір елдің астанасы Мехико мен бірнеше штатта  бір жынысты ғашықтар махаббаттарын заңдастыру мүмкіндігіне ие.

Өткен жылы Жоғарғы сот Мексиканың бірнеше қаласында бір жыныстылардың некелері заңдастырылатынын хабарлаған.

Дегенмен Мексиканың көптеген қалаларында жергілікті билік мұндай некелерге бұрынғысынша кедергі келтіріп бағады екен.

Латынамерикалық мемлекеттер ішінде бір жынысты некеге рұқсат беретін ел ретінде бірінші болып, 2010 жылы Аргентина рұқсат етті.

 

Талқылау