Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медведев қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Ресейдің премьері Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшыларының пікірталасы қатаң сипатта өткенін айтты.

Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Ташкентте ТМД үкімет басшылары Кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келіспеушілікке қатысты пікір білдірді. Кеңес отырысын қорытындылаған Ресей премьері ТМД елдері арасындағы тауар қозғалысын ынталандыру қажет деп атап өтті. Айтуынша, кедендік рәсімдер түсінікті және жеңіл болуы тиіс, бұл мәселе ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес.

“Мәселен, бүгін де Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы пікірталас қатаң сипатта өтті. Мемлекеттер арасында мұндай қарама-қайшылықтар болып тұрады. Осы мақсатта ТМД үкімет басшыларының кеңесі және Еуразиялық экономикалық одақтың үкімет басшыларының кеңесі жұмыс істейді. Пікір алмасып, наразылық білдіруге мүмкіндік бар, сөйтіп, келіспеушіліктерді шешудің амалдарын қарастыруға болады”, — деді Медведев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта қызметтерді еркін сату туралы келісімді қабылдау басты бағыт болып отыр.

“Құжатты сараптамалық тұрғыда жетілдірілді. Көптеген келіспеушіліктер бойынша шешім қабылданды. Көп ұзамай келісімге қол қойылады деген үміттемін. Сол уақытта ТМД ішінде тауар және қызметтер саудасы бойынша екі сауда аймағы болады. Әрине, бұл елдердің еркін сауда айналымының мүмкіндігін кеңейте түседі”, — деп түйді сөзін Медведев.

Айта кетсек, Ташкентте өткен ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысында Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков күн тәртібіне кірмеген мәселе көтерді. Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды Қазақстан жасанды түрде тудырып отыр деп айыптады.


Жіберіп алмаңыз:

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз премьерін орнына қойды

Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Қазақстанда жасөспірімдер қанша жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі

Анасы: Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Талқылау