Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медицина аңыздары: дене шығаруға арналған жаттығулардың пайдасы бар ма?

Көбіміз дене шығару үшін жерде жатып, кеудемізді көтеретін жаттығуды көрікті сымбатқа жету жолында өте тиімді деп білеміз. Ал оның қаншалықты шындыққа жанасатынын, бұл жаттығудың денсаулыққа зияны бар-жоғын білесіз бе?

 b56e0138943625678f1e66bd996e2edf

Егер дене шығаруға арналған жаттығуларды ұнатпайтын болсаңыз, біздің бұл жаңалығымыз қуантары анық. Ғалымдар мұндай жаттығулардың тиімділігі түгіл, пайдалылығына күмән келтіреді.

Дене шығаруға арналған жаттығуларды зерттеуге бағытталған зерттеу жұмыстарының талдаулары жатығудың иілгіштік пен бұлшық ет күшін арттыруға көмектесетінін көрсеткен.

Зерттеу жұмысының авторларының бірі иттерде арқадағы бұлшықеттің бүгілуі омыртқа дисклерін құнарлы заттармен қамтамасыз етіп, оның қимыл-қозғалысын сақтауға себін тигізетінін анықтаған.

Жаман нәтиже емес. Бірақ денені айқын етіп шығару үшін көп тер төгу қажет.

2011 жылы Иллинойс штатында рандомды бақылаудағы шағын зерттеу жүргізілген.

Қатысушылардың бір  тобы күнделікті дене шығаруға арналған жаттығулар жасаған. Ал өзге қатысушылар уақытын бос өткізген. Алты апта өткен соң зерттеу жүргізушілер қатысушыларды мұқият тексеріп, оларды өлшеу барысында бел аумағында және іштегі май қыртыстарының көлемінде ештеңе өзгермегенін аңғарған.

side-squat-good-form_mg_2095

Жатқан қалыпта кеудені көтеру  спортшылардың жаттығулар бағдарламасына жиі кіреді. Осылайша дененің беріктігін арттыруға болады деп есептеледі. Алайда Индиана штатындағы Мемлекеттік университеттің зерттеушісі Томас Нессер дененің беріктігі үздік спорттық көрсеткіштің кепілі бола алмайтынына сенімді. Аталған жаттығудың дене сымбатына әсері жайлы сұрақты шетке ысырып, бұл жаттығудың салдарынан арқаның ауруы сияқты жағымсыздықтар пайда болар-болмасына тоқталайық.

Канададағы Ватерлоо университетінің омыртқа биомеханикасы профессоры Стюарт Макгилл дене шығаруға арналған жаттығуларды көптеген жыл бойы зерттеумен айналысып келеді. Ол жатқан қалыпта кеудені көтеретін дәстүрлі жаттығудың денсаулыққа зиянын тигізеріне кәміл сенеді.

Макгилл өзінің биомеханика зертханасында доңыздың тұтас етін қолдану арқылы ондаған ғылыми тәжірибе жасаған. Ғалым дене шығару жаттығуын жасаған адамның қимыл-қозғалысына ұқсатып оларды бүккен. Бірнеше сағатқа созылған «жаттығудан» кейін ол омыртқа дискілерін тексеріп, бүгілген аумақтан пішіннің өзгеруін байқаған. Егер адам омыртқасында дәл осы процесстер орын алса, ол нервтердің қысылуына, арқадағы ауруға, тіпті, омыртқааралық жарыққа алып келуі мүмкін. Бұл тәжірибе үшін доңыздың пайдаланылуы оның омыртқа құрылысы басқа жануарлармен салыстырғанда адамдікіне ұқсасырақ болуымен байланысты.

Десе де Макгиллдың зерттеу жұмысын сынаушылардың да пікірімен келіспеуге болмайды. Олардың айтуынша қол жеткізген нәтижені шындыққа қабылдау үшін адам мен доңыздың арасындағы айырмашылық өте көп. Оған қоса тәжіриебе барысында доңыздың омыртқасын қатарынан мыңдаған рет бүккен. Ал адамдар ең қатал деген жаттығулар барысында да бірнеше рет үзіліс жасап, демалып тұрады.

Егер дене шығаруға арналған жаттығуды бірнеше сағат бойы жасар болсаңыз, сонда ғана омыртқаға зақым келтіру қаупі пайда болады. Бірақ 15 реттен бірнеше қайтара жасаған жаттығудың айтарлықтай зақым келтіре қоюы күмәнді.

Sil-ny-e-i-krasivy-e-nogi-prisedaniya-po-vsem-pravilam1

Не дегенмен, бұл ретте зақымдануды да назардан тыс қалдыра алмаймыз. 2005 жылы Форт-Брегг базасында америкалық әскери қызметкерлердің қатысуымен жүргізілген зерттеу дене даярлығын тексеру бойынша әскери тесттердің уақытында сарбаздардың барлық зақымның 56%-ын дене шығару жаттығуын орындауда алғанын көрсеткен.

Белігілі болғандай, дене шығаруға арналған бір жаттығудың өзі әр адамға әр түрлі әсер етеді. Кей адамдар аталған жаттығуларды бірнеше жыл бойы күніне 30 рет жасаса, кейбіреулер үшін ол мүмкін емес. Кейде сіздің қай топқа жататыныңызды анықтау да оңайға соқпайды. Себебі ол адам геніне байланысты болуы мүмкін.

Жүргізілген кезекті зерттеу бойынша көптеген қиындықтар жаттығудың қарқындылығына емес, дене шығаруға арналған жаттығу жасау кезінде арқаның ауруы орын алатын жағдайлардың төрттен үшіне жауап беретін генетикалық факторларға байланысты.

The Twin Spine («Егіздер омыртқасы») деп аталатын зерттеудің барысында ғалымдар 1991 жылдан бастап Финляндия, Канада және АҚШ-тағы бірнеше егізді бақылаған. Олар омыртқааралық дискілердің зақымдалуға бейімділігі адам геніне байланысты екенін анықтаған. Тіпті, егіздердің бірі қара жұмыс істеп, ауыр жүк көтеріп, екіншісі кеңседе жұмыс істесе де, екеуінің арқасында туындаған қиындықтар жиілігі шамамен бірдей.

Демек, дене шығаруға арналған жаттығулар арқаның ауруына алып келуі мүмкін, бірақ барлық адамда емес. Десе де бұл аталған жаттығудан бас тартуға жақсы сылтау бола алады. Осы ретте санамызда бір сұрақ туындайды. Сонда денсаулыққа зиян келтірместен дене шығаруға бола ма?

Профессор Стюарт Макгилл арқаға түсер салмақты азайту үшін, жаттығу уақытында арқаның төменгі бөлігінің астына қолыңызды қоюға кеңес береді. Бір аяғыңызды бүгіп, екіншісін созыңыз. Мұнан соң жатқан қалыпта басыңыз бен иығыңызды сәл ғана жерден көтеріңіз.

222

Макгиллдың кеңесі бойынша басыңыз еден үстілік таразыда жатқандай елестетіп, таразы тілі нөлді көрсеткенше басыңызды көтеру қажет. Бұл жаттығу «Арқа механикасы» (Back Mechanic) кітабында егжей-тегжейлі сипатталған. Дене шығаруға арналған жаттығулар тақырыбында жүргізген зерттеуінде Оклеанд технологиялық университетінің қызметкері Брет Контрерас бір жаттығу барысында кеудені 60 рет көтерумен шектелуді кеңес етеді. Оның пікірінше алдымен 15 қайталаудан бастап, бірте-бірте олардың санын ұлғайтқан жөн. Тағы бір айта кетерлік жайт, көп уақытыңызды жатумен не отырумен өткізгеннен кейін бірден жаттығу жасауға кіріссеңіз, зақым алу қаупі жоғары болмақ. Осы себепті компьютер алдында ұзақ уақыт отырғаннан кейін жаттығу жасауға асықпаған абзал.

Төсектен тұра салысымен жасаған жаттығулар да айтарлықтай көп пайдасын тигізе қоймайды.

Талқылау