Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медиамагнат Руперт Мердок төртінші рет үйленді

Америкалық танымал медиамагнат Руперт Мердок өзінен 25 жас кіші бұрынғы модель Джерри Холлға үйленді. Некелесу рәсімі 4 наурыз күні Лондонда өтті.

11321

Сурет Stephen Lock

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Cалтанатты шара XVIII ғасырда салынған Спенсер-хаус сарайында өтті. Ал олар сенбі күні негізгі неке қидыруды шіркеуде жасамақ.

Бұл 84 жастағы Мердоктың төртінші рет отау құруы. Холлға дейін оның Венди Денг есімді әйелі болған. Екеуі небәрі үш аптадан аз уақыт ғана бірге тұрған. Қазір Мердоктың барлық әйелдерінен 6 баласы бар.

Ал 59 жастағы Холл үшін бұл алғашқы неке. Ол 20 жылға жуық уақыт бойы The Rolling Stones тобының әншісі Мик Джаггермен кездесіп жүрген. 1990 жылы олар Балиде шынайы қарым-қатынасты бастаймыз деп шешкенімен, мұны Ұлыбритания заңсыз деп тапқан. Екеуі 1999 жылы ажырасып кетті. Олардың 4 баласы бар.

Мердоктың байлығы 11,6 миллиард доллар. Оның отбасы бес мемлекетте шығатын 120 газетті, телевизиялық кабельдік желілерді иеленген. Олардың иелігіндегі БАҚ АҚШ-та, Европада, Латын Америкасында, Африка мен Азияда да жұмыс жасайды.

Талқылау