Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Медеуде” өртеніп қайтыс болған қыз фотомодель болған

Алматы қалалық ІІД хабарлауынша қыздың өлі денесі 13 наурыз күні таудың шығыс беткейіндегі өртті сөндіру кезінде табылған.

62263_tn

“Оның кім екені анықталды. Ол 1984 жылы туылған Бостандық ауданының тұрғыны. Оның қасынан жанармай құйылған құты табылды”, – делінген хабарламада.

Қайтыс боларынан бұрын Ирина Лившунның басынан ауыр сәттер өтіпті. Жақындарының айтуынша, ол фотомодель болып жұмыс істеген, алайда соңғы сәттерде жұмыстан шығып қалып күйзеліске ұшыраған.

“Туыстарына сұрау салған кезде, олар қыздың деепрессияға түскенін, өзін-өзі өлімге итермелейтінін айтқан”, – делінген ІІД түсініктемесінде.

62257_tn

Аталған жағдай бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау