Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеу Арынбаев жастарға ашулы

Медеу Арынбаев отандық шоу-бизнестегі жас әншілерге ашулы. Әншінің айтуынша, қазіргі топтардың туындыларында мән-мағына жоқ. Бір кездері әйгілі «АБК» тобында ән салған Медеу заманауи топтардың қателіктерін жіпке тізіп айтып берді.

Медеу Арынбаев

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Біз де бір әртүрлі көйлек ауыстырып, мода киіп, сол кездегі заманға сай киініп өзіміз де жүрдік қой. Жаңалық ашамыз деп”, – дейді Медеу Арынбаев.

Арынбаев үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдыққа жаны құмар жастарды толықтай қолдайды. Алайда отандық шоу-бизнестегі музыканттардың шығармашылық талпынысын бақылап, кемшін тұстарын көкейге түйіп жүреді екен. Соңғы уақытта Арынбаевтың ашуын тудырған – ән мәтініндегі олқылықтар.

“Қазір қазақша айтып жатыр, бірақ қазақшаның артында қазақша айтқанына намыстанған сияқты, сөздерін түсініксіз қылып айтады ғой әдейі. Оны білмейді дейсің бе, ағылшынша қылып. Ол да бар. Ол бізге ұнамайды”, – дейді Медеу Арынбаев.

Аға буынның салмақты сыны q-pop өкілдерінің де құлағына жетті. Бүгінгі шоу-бизнесте заманауи музыканың дамуы жолында тер төгіп жүрген жастар, Арынбаевтың өкпе-ренішіне қандай жауап қатар екен?

“Егер мәтінді толық оқып шықса, тереңірек оқыса сол кезде ғана түсінеді. Бұл заманауи музыканың бағыты. Бұл керісінше жақсы!” – дейді MadMen тобы.

“Кейде мен қарамайды емес, не айтып жатыр екен деп қараймын. Енді төртеу, бесеу болып билеп жатады. Алдыңғы қатарда музыканың ырғағы тұрады, артында сөз… Енді олар жастар қазақша айтып жатырмыз ба, айтып жатырмыз дегені. Ол да бар!” – дейді Медеу Арынбаев.

Медеу, музыкаға құштар жастар ән таңдауда – әуезді әуен мен мағыналы мәтінге басты назар аударса дейді. Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеуді ұмыт қалдырмаса деген өтініші бар!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау