Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеу Арынбаев марқұм жұбайына ұқсайтын әйелді бейнебаянына түсірді (видео)

Шығармашылығы біраз тоқтап қалған Медеу Арынбаев тыңдармандарын тың туындысымен қуантты. Өнер иесі марқұм жұбайына мен анасына арнап клип түсірді. Әншінің “Ғашықтар биі” атты клипі күні кеше YouTube желісінде жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Медеу Арынбаев марқұм жұбайына ұқсайтын әйелді бейнебаянына түсірді (видео)

Жұбайы өмірден қайтқаннан кейін Арынбаев екінші рет отау құруды ойлаған емес. Әнші ұл-қызының жүрегіне жара салғысы келмейді. Сондықтан жалғыздықтың Құдайға ғана жарасатынын түсінсе де, асығыс шешім қабылдаудан аулақ. Әрі марқұм жұбайын әлі де сағынатын көрінеді. Сол себепті болса керек, Арынбаевтың әр туындысы өмірден өткен жарына арналады.

Күні кеше Медеу әріптестерінің басын қосып, қос бірдей бейнебаянының тұсаукесерін өткізген. Олардың бірін анасына, ал екіншісін жұбайына арнапты. Бұл туралы НТК арнасы хабарлады.

Бір қызығы, әнші “Ғашықтар биі” бейнеклипіндегі кейіпкерге марқұм жұбайына ұқсас келіншекті таңдаған. Ол кейіпкер – музыкант досының қалыңдығы екен.

“Қарасам келінім дәл келіп тұр осы клиптің бет бейнесіне. Жарасып тұрған екен. Бір қарасам өзімнің де бұрынғы сүйікті жұбайым Айгүлдің де образы келетін сияқты. Сондықтан болды табылды деп, мен қуана-қуана ұсыныс жасадым. Суретке қарасам, қасымызда жүрген келінім екен. Табылды дедім”, – дейді Арынбаев.
Тұсаукесерге Медеудің ұл-қызы да арнайы келген.

“Осы екі клипке бір айдай дайындалды… Кейбір кезде маған келіп сұрайды. Қалай, ұнай ма деп айтады. Әкемді күніге естимін. Өзінің комнатасында өлең айтып солай”, – дейді Медеудің ұлы Дәулет Арынбаев.

“Ақылдасып отырады және де бәрін бізге айтады. Біз әрине де әкемізге қолдау көрсетеміз”, – дейді Даяна Арынбаева.

Медеудің шығармашылыққа деген қарқыны бәсеңсімек емес. Таяу күндері Мейрамбек Бесбаевпен бірігіп жаңа бейнебаян таспаламақ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау