Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меценат Бауыржан Оспанов ауылға мешіт салып берді

Меценат Бауыржан Оспанов Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылына мешіт салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бауыржан Оспанов

«ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ауыл халқын тағы бір игі ісіне қуантты. Лепсі ауылынды жаңа мешіт бой көтерді.

Мешіт 150 адамға лайықталып жасалған. Мешіттің ашылуына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиев, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб муфти Алау Әділбаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Мұқаш Байғарашов пен Бауыржан Оспановтың өзі қатысты. Аудан имамдары мен ауыл тұрғындары жиналды. Ермек Утбаев жаңа мешіттің имамы болып тағайындалды.

Бұған дейінБауыржан Оспановтың Назым Қызайбайға, Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізгенін хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау