Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

MC Сайлаубек түсініксіз тілдегі бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

«Жломана симана» деп ән салып, танымал болып шыға келген МС Сайлаубек жаңа бейнебаян түсірді.

13628245_1064153927009480_1325089826_n

Full of me деп аталатын туындының әзірге тек Demo нұсқасы жарыққа шыққан. Атауы ағылшынша болғанымен, ән мәтіні әдеттегідей түсініксіз тілде жазылған.

Біз түсінбесек те, оны Сайлаубектің өзі түсінетін шығар, кім білсін?!

Желі қолданушылары: «өзінің өлеңін сөзін ұмытып қалатын шығар бұл», «клиптің де, сөзінің де мағынасы жоқ», «біздің тілге аударып беріңдерші», «осыны да клип деп шығарады», «түсінікті тілде айтпай ма?» – деп сынады (желіде анайы пікірлер де бар, оны жариялауды жөн көрмедік).

Алайда аталмыш туындыға «хит» деп баға берген оқырмандар да бар.

Айтпақшы аппақ киім киген Сайлаубек бейнеклипте аппақ жиҺаздың үстінде отырып “ән” айтқан. Жұрт мұны клип емес, жиҺаз жарнамасы болуы мүмкін деп болжады.

Жіберіп алмаңыз: 

МС Сайлаубек классикалық әндерді орындауды қолға алды (видео)

МС Сайлаубектің шаңырақ көтергені жалған болып шықты

МС Сайлаубек қалыңдығын көрсетіп, халықтан сүйінші сұрады (видео)

Қытайдағы журналист жұртты МС Сайлаубекті бағалауға шақырды (видео)

Талқылау