Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің вице-спикері қанша жалақы алатынын айтып, жұмысының күрделілігіне шағымданды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айлық жалақысы және депутаттардың жұмысының күрделілігі жайлы айтып берді.

Мәжілістің вице-спикері қанша жалақы алатынын айтып, жұмысының күрделілігіне шағымданды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Парламент отырысында журналистер мәжілісмендерден депутаттардың зейнетақысы төмен деген Бірғаным Әйтімованың ескеруінің қаншалықты әділетті екенін және халықтың зейнетақысы мәз болмай тұрғанда шенеуніктердің неліктен жоғары жалақыны сақтап қалуды қалайтындарын сұрады.

Божко депутаттық жұмыстың күрделілігі мемлекеттің дамуының әр түрлі аспектілері мен үлкен мәселелерді шешу үшін терең білімнің қажет екенін атап өтті.

«Қазір жұмыс топтарына барлығы шақырылады және заңдарды қарау кезінде жиі қызу пікірталастар болады. Дәлелдер тауып, көпшіліктің мүддесін қорғау да оңай емес. Адамдармен жұмыс жасау өте қиын», – дейді мәжілістің вице-спикері.

Ол сондай-ақ, депутаттардың көпшілігінің 1 миллионнан аз жалақы алатынын атап өтті.

Депуттардың жұмысының күрделі екеніне шағымданған Владимир Божко зейнетақыны қосқанда айына бір миллион теңге алады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау