Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісмен шетелдікке жерді жалға беру мерзімін не үшін ұзартқандарын түсіндірді

Жер кодексінде мұндай ереже 2003 жылдан бері бар. Ол кезде 15 жылға берілсе, қазір тек жалға алу мерзімі 10 жылға ұзартылып отыр. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев осылай деп мәлімдеді.

ертаеввввв

Халық қалаулысы мұндай тәжірибе бірқатар мемлекетте бар екенін атап өтті. Сондықтан бұл шаралар бос жатқан жерлерді кәдеге жарату үшін қолға алынып отырғанын айтты.

«Он жыл қосқанымыз, жерді қолға алып, оны игеріп, күтіп-баптауға мүмкіндік беруді ойладық. Кейбір жерлерде мал да жайылмайды. Оны не істеу керек? Міне, осы жағын ойластырып отырмыз. Қасиетті жер біздің анамыз тәрізді. Сол себептен, мен осы елдің перзенті ретінде айтарым, жер сатылмайды. Бірақ оны гүлдендіру біздің парызымыз болып саналады», – дейді Бақытжан Ертаев.

Талқылау