Мәжіліс төрағасы қазақша сөйлей алмайтын вице-министрді ұялтып тастады

Мәжіліс төрағасы мәжілістің жалпы отырысында қазақ тілінде қойылған сұрақтарға орысша жауап берген вице-министрді әбден ұялтты.

Нұрлан Нығматулин

Нұрлан Нығматулин Бибігүл Амангелдіқызының орысша жауап бергенін меңзей отыра, өзге шенеуніктерге қазақ тілін үйренетін уақыт келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Мәжілістің жалпы отырысында “2018-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралды.  Осы кезде депутат Кәрібай Мұсырман білім және ғылым вице-министрлігіне қазақ тілінде сұрақ қойды.

“Құрметті Бибігүл Амангелдіқызы, бюджетті көктемгі нақтылау кезінде мемлекет басшысының жолдауында қойылған міндеттер мен президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін білім және ғылым министрлігі бойынша шығыстардың жалпы сомасы 117 миллиард 800 миллион теңгеге ұлғайтылған болатын. Алайда қазір жыл соңында аталған сома 23 миллиард теңгеге азайтылып отыр. Бұл бөлінген қосымша қаражаттың шамамен 20 процентіне тең. Осыған орай, айтыңызшы, министрліктің қосымша бөлінген бюджет қаражатының осынша қомақты сомасын игермеу себебі қандай? Мұның өзі мемлекет басшысының берген тапсырмаларын толық әрі уақытылы орындауға теріс әсерін тигізбей ме?”, — деді ол.

Бұған Бибігүл Асылова орысша жауап берді.

“Бюджетті нақтылау аясында шығыстардың 23 миллиард теңгеге қысқартылуы президенттің тапсырмаларын орындауға кері әсерін тигізбейтініне сендіргім келеді. Бүгінгі таңда ұлттық біліктілік тестінен өткен 34 мың педагог және жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 204 мың мұғалім үстемақыларын толық көлемде алып отыр. Бөлінген 20 мың грант та қаржылық жағынан қамтамасыз етілген. Қосымша ақы бойынша шығыстардың азаюы объективті себептерге байланысты. 2018-2019 жылғы оқу жылының басында тарификациялық тізімдер нақтыланып, жергілікті атқарушы органдар қосымша ақы бойынша өтінімдерін түзетті”, — деді Асылова.

Орыс тіліндегі бұл жауап Нұрдан Нығматулиннің көңілінен шыққан жоқ. Мәжіліс төрағасы тіл мәселесінде өз ойын айтты.

“Бибігүл Амангелдіқызы, сіздер мұғалімдер мен оқушыларды үш айдың ішінде ағылшын тіліне үйретіп жатырмыз деп анықтама беріп жүрсіздер. Бірақ, меніңше, мемлекеттік тілді үйренетін уақыт та келді. Ойланыңыздар”, — деді спикер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар