Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс спикері Ізмұхамбетов болды

Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болып “Нұр Отан” партиясы атынан депутат болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды.

измухамедов

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Бұл туралы мәжілістің алғашқы пленарлық отырысынан Азаттық тілшісі хабарлады. Ізмұхамбетовтің кандидатурасын мәжілістегі 108 депутат түгел қолдап дауыс берген.

Алтыншы шақырылымдағы мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланған 98 депутаттың 84-і – сайлауда ресми есеп бойынша 82,2 пайыз дауыс алған биліктегі “Нұр Отан” партиясының өкілдері. Мәжіліске өткен өзге екі партия – билікшіл “Ақ жол” партиясы мен Қазақстан халықтық коммунистік партиясының әрқайсысы 7 пайыздан асырып дауыс жинап, жеті орыннан иеленген.

Бақтықожа Ізмұхамбетов депутатыққа сайланғанға дейін Атырау облысының әкімі болған.

Алғашқы пленарлық отырыста депутаттар мәжіліс төрағасы, оның орынбасарлары мен парламент комитеттерінің төрағалары анықталады.

20 наурызда сайланған алтыншы шақырылымдағы мәжілістің алғашқы сессиясын бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан.

 

Талқылау