Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс тағы бір жаңа депутатпен толықты

Кеше парламенттің төменгі палатасына тағы бір “халық қалаулысы” қосылды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

f838b210dcb6cdaf3c2ffb6f4651f4ff_XL

Мәжіліс тағы бір жаңа депутатпен толықты. Орталық сайлау комиссиясы Альберт Рауды Төменгі палата мүшесі ретінде тіркеді.

Мәжілісте екі бос орын болған. Бірі сырқаттан көз жұмған Сергей Дьяченкоға, екіншісі мерзімінен бұрын мандатын тапсырған Мұхтар Тінекеевке тиесілі еді. Тінекеевтың орнына жақында Олимпияда чемпионы Серік Сәпиев жайғасқаны есте. Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Рауды да депутат ретінде тіркеді.

Ол бұған дейін Инвестиция және даму вице-министрі, Ақмола облысының әкімі болған. Әзірге 57 жастағы депутаттың нақты қандай мәселелермен айналысатыны белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Ақша жымқырып тұтқындалған Қуандық Бишімбаевтың өзге былықтары әшкере болды

Сағадиев: Бекболат Тілеуханмен “жекпе-жекке” шығуға қарсы емеспін

Назарбаев: Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де анам түсіме жиі кіреді (видео)

Дзюдодан Қазақстан чемпионын түрме қызметкерлері суицидке итермелеген

Талқылау