Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты неліктен девальвация болмайтынын түсіндірді

Жыл соңына қарай доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деген жаңалық қазақстандықтарды біраз уайымдатып тастады. Бұл мәселе төңірегінде қарапайым азаматтар да, тәжірибелі экономикалық сарапшылар да пікір білдіріп жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

45f99c51d49c61bd81b82202cc3da35a_XL

Бірі бұл жаңалықпен келіссе, бірі қарсы пікір айтады. Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамаловтың айтуынша, доллар көтеріледі деген қауесетке сенбеу керек екен.

Оның сөзінше, мұнай бағасы барреліне 40 долларға көтерілген күннің өзінде, ол әрі кетсе 360 теңгеге дейін апаруы мүмкін.

“РФ экономикалық даму министрлігі жыл соңына қарай доллар бағамы 62-63 рубльге теңеседі деп отыр, мұндай жағдайда біздің теңге 345-350 болуы мүмкін. Ал бағам 400 теңгеге дейін шарықтау үшін мұнай бағасы барреліне 35-ке дейін төмендеп кетуі тиіс. 28 шілде күні мұнай бағасы барреліне 51 долларға дейін қымбаттады. Бұл жағдайда теңге 330-340 көлемінде болады”, – деді Аманжан Жамалов.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар енді селфидің көмегімен несие рәсімдей алады

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Талқылау