Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Мен Елбасын сүйемін (видео)

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова өзінің сөзін әзілге айналдырып келеке еткен желі қолданушыларына ренжімейтінін айтты.

GetFoto

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Бұған дейін депутат Хаменова Астана қаласының атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту керектігін айтқан болатын. Кейін оның бұл сөзі желіде мазақ еткен видеолардың пайда болуына әкеліп соққан.

Хаменова жұма күні Конституцияны талқылауға арналған отырыс кезінде сөз алып, Астана халықаралық әуежайына және басқа да нысандарға президенттің есімін беруді ұсынған еді. Кейін желі қолданушылары, оның сөзін Солтүстік Корея елінің дикторымен салыстырып ролик жасаған.

“Мен екі рет мәслихат депутаты болып сайландым, қазір мәжілістемін. Әрине, бұл мен үшін жағымсыз әрі ренжітеді. Халық неге мені түсінбеді? Мен жастығымды құшақтап жыладым деп айтпаймын. Бәрін уақыт орнына келтіреді деп ойлаймын”, – деді Хаменова.

“Мен Елбасын сүйемін. Мен президентпен “көзімді аштым”. Мен тәуелсіз Қазақстан ұрпағымын. Қалайша мен президентке осындай сөздерді шын жүректен арнай алмаймын? Әркімнің өзіндік пікірі бар және біреуге біреу тыйым сала алмайды. Сіз президент біздің тәуелсіз елімізді құрды деп айта аласыз ба? Сіз журналист ретінде Алланың арқасында және президенттің ерекше саясатының арқасында бақытты өмір сүріп жатырмыз деп айта алар ма едіңіз?”, – деп қосып өтті ол.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Астана атауының өзгертілмейтінін жариялаған еді.

Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеухан министрге: Баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырам, бірақ жеңіліп қаласыз-ау

Мәжіліс депутаты: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау