Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Біздің ұлттық құрама ойын деңгейі бойынша аула футболының жұлдыздарымен теңесе алады

Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов отандық футболшыларды және әлем чемпионатына іріктеу аясында өз тобында ең соңғы орын алған Қазақстан ұлттық құрамасын сынға алды. Ол шұғыл түрде шара қабылдау қажеттігі жайлы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына сұрау жолдады.

Бұл туралы BNews.kz жазады.

Маггаремов былтыр үкімет сағатында министрдің футболды дамытамыз деген сөзін еске салды.

“Сол кезде сіз Қазақстан футбол федерациясын мақтап, сіздердің көмектеріңізбен біздің футбол европалық жаңа деңгейге көтеріледі деген едіңіз. Сол сөзді сіз айтқан күннен бері біздің құрама ФИФА рейтингінде 105 орыннан 126 орынға дейін құлдырады. Бұл рейтингте бізден кейін ОАР, ал алдымызда Танзания мен Солтүстік Корея тұр. Бізден жоғары Антигуа, Барбуда, Малави, Сент Кидс және Невис құрамалары бар. Сіз бен біз бұл елдерді картадан бірден тауып ала қоямыз деп айта алмаймын. Іріктеу ойындарындағы жеңілістер, әлемдік рейтингте құлдырау ешқандай өзгерту жасауға себеп болған жоқ. Біздің елімізде футбол, футболшы және бапкерлер үшін барлық жағдай жасалған”, – деді депутат.

Маггерамов осыған дейін қоғамда футболшылардың миллиондаған жалақысы туралы да талай әңгіме болғанын атап өтті.

“Ойын деңгейі бойынша олар тек аула футболының жұлдыздарымен теңесе алады. Құлдыраған жағдайды тез арада түзете алу керекпіз”, – деді ол.

Осы ретт халықтық-коммунистік фракция бірқатар талаптарды ұсынды.

“ТМД елдерінен ұлттық құраманы баптайтын маман шақыруды тоқтату керек. Бұл елдердің ішкі чемпионаттары төменгі деңгейде. Футболшылардың жалақысын қысқартып, команда құрамына шетелдік ойыншыны қосуға қатысты жеті жылдық лимит енгізу. Әр ойынның негізгі құрамына 2-ден артық шетелдік футболшы қоспау. Отандық жас футболшылар үшін бұл мотивация болып, олар өздерінің кәсіби дарындарын арттыра алады”, – дейді депутат.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау