Мәжіліс депутаттары жылы орындарына қайта оралғылары келеді

Сәрсенбі, 13 Қаңтар , 2016 21:31

Дағдарыс бүйірден қысқан уақытта тарап кетуді жөн деп тапқан мәжіліс депутаттары бүгін Елбасының атына ұсыныс жіберген болатын. Жалпы, депутаттардың жылы орындарын ертерек босататындары туралы былтырдан бері айтылып жүрген. Ал депутаттар биыл бас көтеріп отыр.

photo_13940

Бұл туралы ktk.kz хабарлайды

«Ұлт жоспарын жүзеге асыру туралы заңдар қабылданды. Дағдарысқа қарсы жоспарлар да заң жүзінде мақұлданды. Енді соларды ретімен іске асыру керек», – деген депутат Нұртай Сабильянов жаңадан жасақталған Парламент ел игілігі үшін жұмыс жасайтынына үміттенетінін жасырмады.

Ал бүгінгі отырыс барысында мәжілісмендер 14 бірдей заңды небәрі бір сағаттың ішінде-ақ қарастырып шыққан. Олардың бұлайша тым асығыс күй танытуы, алдағы сайлауды ойлап мазасызданғандарымен байланысты болуы мүмкін. Депутаттардың ішіндегі ең жасы 36 жастағы Алмас Тұртаев. Ең егдесі, сексеннің сеңгіріне жақындаған Владислав Косарев “заттарымды жинай салу аса қиын шаруа емес, кетуге дайынмын. Бірақ, қайта сайлауға қатысып осында келгім келеді” дейді.

Өзге депуттар да жылы орынтақтарына оралуға қарсы емес.

Әзірге, халық қалаулыларының «ерте тарайық» дегеніне Елбасы ресми жауап қатқан жоқ. Егер, олардың өтініштері қанағаттандырылатын болса онда әрбір партия сайлау алды науқанның көрігін қыздырып, кандидаттардың тізімін әзірлеумен айналысады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар