Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майра Мұхамедқызы намысына тиген әйелге бейәдеп қылық көрсетті

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ыңғайсыз жағдайға тап болды. Қызын мектепке беру үшін желідегі оқырмандарынан кеңес сұраймын деп дауға қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Майра Мұхамедқызы

“Аида қызымыз көзді ашып жұмғанша бала бақшаға тарыдай болып барып бір ауыз орысша білмеген баламыз қазір өзіңді жаңылдырады.

Ендігі ең басты мәселе, Астанадағы қайсы мектепке баламызды оқытамыз және қай тілде оқытамыз деп басымыз қатты! Сіздердің балаларыңыз қайсы мектепке бармақ? Қайсы мектепте жақсы ұстаздар бар? Сіздер қандай кеңес берер едіңіздер Тәжірібелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар”, – деген Майра Мұхамедқызы.

Бұл орайда желі қолданушыларының бірі әншіге Қытайдан келгенін еске салып, оны кемсітуге тырысқан.

“Қытайша оқытыңыз, өздеріңіз қытайлық болған соң”, – деп жазған Майлыбайтегі есімімен тіркелген оқырман.

Майра Мұхамедқызы намысына тиген әйелге бейәдеп қылық көрсетті

Ашуға мінген өнер иесі намысына тиген әйелге ортаңғы саусағын көрсетті.

Бейәдеп қылық көрсеткеніне қарамастан, желі оқырмандарының көпшілігі Майра Мұхамедқызын қолдаған.
“Мән бермеңіз”, “Күшті жауап беріпсіз”, “Дұрыс болған, орнына қойыпсыз”, – деп пікір білдірді олар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау