Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майра Ілиясова толық денелі эстрада аруларын сынады

Бірталай жобалардың авторы, продюсер әрі әнші Майра Ілиясова салмағына немқұрайлы қарайтын «толық» қыздарды сынады.

image__1419939754279-819x1024

«Қыз балалар болса өте қиын. Мен толып кеткен қыздарды шығармаймын. Толып кеткен қыздарға «барып кішкене жүгіріп кел» деп айтамын», – деді Майра Ілиясова КТК арнасының Instaлайық бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, алдыңғы буын әншілері де сырт келбеттеріне аса мән берген, дер кезінде ретке келтірген.

«Кейінгі кезде оны айтудың да қажеті жоқ, өйткені алдыңғы буын Бибігүл апамыз, Роза Рымбаева бастаған Нағима, Бағдат, оның бер жағындағы буын Мадина, Қарақат, Айгүл… Тамаша әншілеріміз көп қой біздің. Өздерін қалай ұстайды, қарасаңыздар. Содан үлгі алады жастар. Сондықтан талапты мен шынында да өте жоғары қоямын», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Британдық мектепте толық қыздарға қысқа белдемше киюге тыйым салынды

Әдеттегі қағиданы бұзған толық денелі балет бишісі (фото, видео)

Журнал мұқабалары мен сән сахналарын бағындырған толық денелі модельдер

Талқылау