Маймылдар тәрбиелеген маугли-қыздың ата-анасы табылды

Сейсенбі, 18 Сәуір , 2017 14:51

Үндістанда маугли-қыздың ата-анасы табылды. Көп уақыт бойы орманда маймылдармен бірге тұрған кішкентай қыз адам тілін ұмытып, төрт аяқтап жүреді.

9b920341286dfade89005061dd420212_L (1)

 

Баланың ата-анасының айтуынша, маймыл арасынан табылған қыздары бір жыл бұрын базар маңында олардан қашып кеткен, деп жазады Daily Mail.

45 жастағы Рамзан Али Шах пен оның 35 жастағы жұбайы Назма қыздарының суретін газет бетінен көргенін айтады. «Біз өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қызымыз базардағы ығы-жығы кісілердің арасында жүріп, бізден қашып кеткен еді. Содан бері ол ұшты-күйлі жоқ болып кетті», – дейді қыздың әкесі.

Шах қызының есімі Ализа екенін және оның 10 жаста екенін айтып отыр. Оның айтуынша, қыз психикалық дертке шалдыққан және дәрі сатып алып тұрған кезде олардан қашып кеткен.

Сондай-ақ Шах жергілікті полицияның қызын тауып беруге еш құлық танытпағанын айтады. Енді Шах пен оның жұбайы орманда табылған қыздың ата-анасы екенін дәлелдеу үшін қан тапсырулары қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Ұсқынсыз қытайлықтың жаңа бет-әлпетін дәрігерлер оның кеудесіне өсіріп жатыр (фото)

Саунада қамалып қалған анасы мен қызы қайтыс болды

Ғалымдар намаздың тағы бір пайдасын тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар