Майлық, сабын және есіктер: Ғалымдар қоғамдық дәретхананың басты қауіп-қатерін атады

Қоғамдық дәретханалардағы заттар, оның ішінде майлық, сабын және әжетхананың есігі адам денсаулығына ең үлкен қауіп төндіреді.

Майлық, сабын және есіктер Ғалымдар қоғамдық дәретхананың басты қауіп-қатерін атады

Бұл туралы Conversation басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Адам өз қажеттілігін өтегеннен кейін кранды, сабын табақшасы мен әжетхананың қағаз сүлгісін ұстайды. Әдетте, ең зиянды бактериялар дәл осы заттарға жиналады. Бұдан басқа, есік тұтқа да лас болады, өйткені дәретхананың әрбір келушісі қолдарын жуып жүрмейді.

Сонымен қатар, зерттеушілердің айтуынша, дәретхана орындығы денсаулыққа қауіпті емес және ол арқылы ішек инфекциясын жұқтыру қаупі аз. Себебі, микробтар адам ағзасына ауыз арқылы түседі.

Осыған орай, ғылыми мақаланың авторлары крандарды, дәретхана есіктерін майлықпен немесе қағаз сүлгілермен ашуға кеңес береді. Олар сонда ғана бактериялар адам ағзасына түсу қаупі төмендейді дейді. Сондай-ақ, ғалымдар дәретханада телефонмен әңгімелесу, темекі шегу, тамақ тұтыну және ішу гигиенаға сай емес деп, ескерту жасады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар