Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майқұдықтан шыққан қыз Лондонда өз кәсібін ашты (видео)

Қарағандылық қыз Ұлыбританияға келіп, Лондон қаласында өз кәсібін ашқан. Мобилді шаштараз болып жұмыс істейтін ол кей күндерін салонда өткізсе, кейде тапсырыс бойынша аралайды.

photo_189175

Қарағандылық қыз туралы сюжет жасаған видеоблогер kuan7777 бейнематериалды YouTube порталындағы өзінің каналында жарилаған.

“Бұл үнемі менің хоббиім болды. Бастапқыда оңай болған жоқ. Мен тәжірибе жинау үшін, әртүрлі салонда жұмыс істеп жүрдім. Ал қазір тек сенбі және жексенбіде ғана салонда боламын. Қалған күндері өзім үшін жұмыс істеймін. Клиенттермен онлайн түрде келісіп, тапсырыс аламын”, – дейді Евгения Блюм.

Қыздың айтуынша ол Лондонға 2003 жылы студенттік визамен келген. “Виза сегіз жыл уақытқа дейін созылды. Сосын жұмыс визасы мен азаматтық алдым” дейді ол.

Ол өзі Қарағандыда туған. Ал ата-анасы Ресейден Қазақстанға көшіп келген екен.

“Мен Майқұдықта өстім. Кеңес Одағы тараған кезде біз туыстарымыз тұратын Орынбор облысына келдік. “Аудармашы” мамандығы бойынша университет бітіргеннен кейні бірде Ұлыбританияға кеттім”, – дейді Евгения.

Талқылау