Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майкл Фелпстан қолтаңба сұраған сингапурлық фанат оны 8 жылдан соң Рио олимпиадасында жеңіп кетті (фото)

Сингапурлық жүзу спортының шебері Джозеф Скулинг Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, алтын олжалады.

11111

Фото: rus.delfi.ee

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

21 жастағы Скулинг 100 метр қашықтыққа баттерфлей әдісімен жүзу кезінде сенсациялық жеңіске жетті. 50,39 секунд уақыт көрсеткен ол, 51,14 секунд бірдей уақыт көрсеткішін көрсеткен үш бірдей спортшының алдын орап кетті. Скулингтен қалып қойғандар – америкалық Майкл Фелпс, венгриялық Ласл Чех және оңтүстік африкалық Чад Ле Клоса.

2222

Олимпиада чемпионы атанған Скулинг енді өз елінде миллион доллар ақшалай сыйлықпен марапатталмақ. Ал әлеуметтік желідегі оның отандастары, жас спортшының келесі олимпиадаға дайындалып қатысуы үшін оны әскери борышын өтеуден босатуды сұрап жатыр.

88888888

Скулингтің жеңісінен соң желіде оның бала кезінде Майкл Фелпспен түскен суреті тарап кетті. Сингапурлық балақай 22 дүркін олимпиада чемпионымен 8 жыл бұрын суретке түскен екен. Олар Сингапурде америкалық спортшылар жаттығу өткізіп жатқан кезде жолығып қалған.

55555

Ал Скулинг ол сәтте демалыста жүрген екен.

1471092965_165411_21

Ал 12 тамыз күні олимпиада тарихындағы 22-ші алтынын ұтып алған Фелпс, Рио олимпиадасынан соң спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады.

13895335_10157255443225263_2770782948332973323_n

Скулинг жүзумен алты жасынан бастап айналысады. Оның атасы Ллойд Валберг 1948 жылы олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш сингапурлық болған екен.

Риоға дейін Скулингтің ең жоғарғы жетістігі 2014 жылы Азия ойындарындағы жеңісі мен әлем чемпионатының қоласы болған.

Талқылау